ПАРИЖ – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖАРЫҚ ҚАЛА

214
0

Отандық balbal.kz порталы армандар қаласының тізімінде алға шығатын Париж туралы қызықты деректер топтамасын жасапты. Оқып көрелік.

Париж – Франция астанасы. Ол Францияның ең көп адам шоғырланған қаласы болып табылады. Париж әлемдегі ең жарық қалалардың бірі ретінде де ерекшеленеді. Күн ұясына батқан кезде қалада миллиардтаған шамдар қосылып,   айнала жарқырай түседі.  Әлемде сәулет өнерінің үздік туындысы болып саналатын Эйфель мұнарасы  дәл осы Парижде орналасқаны әмбеге аян. Мемлекет тап осы Эйфель мұнарасын сырлау үшін әр 7 жыл сайын 50 тонна бояу жұмсайды. Қалада 1 еуроға, біздің валютамен есептегенде 417 теңгеге бір шыныаяқ экспрессо ішуге болатын 200-ге жуық орын бар.  Тағы бір айта кетерлік дүние ең алғаш стриптиз биі дәл осы қалада тамашаланған. Парижде орын тепкен Лувр әлемде келушісі ең көп  мұражай ретінде танымал. Оның негізі 1793 жылы қаланған.

Қалада уақыт өлшеміне көп мән беріледі. Онда  дүкендер таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін жұмыс істейді. Ал жексенбіде дүкендер жабық болады. Себебі бұл күні париждіктер демалып, бар уақытын көңілді өткізуге тырысады.

«Уақыт» газеті.