РУСЛАН ЖЕЛДІБАЙ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Президенттің көмекшісі лауазымындағы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, — делінген ресми тараған құжатта.