42500 ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫҒА ӨТІНІМ БЕРЕТІН БОТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

288
0

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған ботты іске қосты, деп хабарлайды uakit.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, мына сілтемеге өту қажет.

Бот арқылы өтінім беру рәсімі бірнеше қадамнан тұрады:

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:

1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;

2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;

3. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;

4. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;

5. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);

6. Өз өтінішіңізді растау;

7. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:

a. сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;

b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;

c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін:

1. «Қызметкер» батырмасын басу;

2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;

3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;

4. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;

5. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;

6. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);

7. Өз өтінішіңізді растау;

8. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:

a. сіздің өтініміңіздің қабылданғаны туралы;

b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;

c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.