МАМЫР АЙЫНДА ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

258
0

Ағымдағы жылдың 15-мамырына дейін Түркістан қаласында бірнеше нысанның құрылысы аяқталады, — деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық лездеме отырысында айтылды.

Бүгінде қалалық футбол алаңшасына жасанды газон төселіп, оны жарық көздеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Қабылдау орталығының жанындағы аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да аяқталуға жақын. Қаладағы Пальма аллеясының да лентасы қиылатын сәттің ауылы да жақындап келеді. Қазіргі таңда ол жерге балалар ойын алаңшасы орнатылып, жарықтандырылуда.

Бірер күнде Түркістан қаласы Темір жол аумағы мен Н. Төреқұлов көшесін абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталады.

Тұңғыш Президент саябағы құрылысындағы кәріз және электр жүйелері  жұмыстары толықтай аяқталды. Аталған саябақ аумағында 3 мың түп ағаш отырғызу жоспарланса, қазіргі таңда оның жартысы отырғызылды. Желілік саябақ құрылысында сыртқы суғару жүйелерінің құрылысы, ағаштарды отырғызу, газон төсеу жұмыстары, сонымен бірге, аяқжолдар, керуен жолдары және канал жұмыстарының 60 пайызы аяқталған.