«УАҚЫТ» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫНА!

425
0

Гүлмира ТАҒАЕВА, ОҚО ішкі саясат басқармасының бастығы.

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің жауапты да, сауапты тірліктің басы-қасында жүргендеріңіз үшін алғыс сезімімді білдіремін. Қашанда халықтың қамын күйттеп, билік пен бұқара арасында алтын көпір орнатып жүрген Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Еліміздің өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын БАҚ-ының өкілдері кез келген құрметке лайық. Мерекелеріңіз құтты болсын, шығармашылықтарыңызға шабыт, екбектеріңізге табыс тілеймін!