САУДА НҮКТЕСІН АШҚЫҢЫЗ КЕЛСЕ…

470
0

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «1000 сауда нүктесі» жобасы бойынша көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі осы аптаның сейсенбісінде, яғни 4-мамырда басталды. Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі 19-мамырға дейін жалғасады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелері Абай, Еңбекші, Қаратау аудандарында орын тепкен. Атап айтқанда, Абай ауданындағы жер учаскелері Гагарин, Қазына (нөмірсіз, ауданы 0,0009 га) көшелерінде болса, Еңбекші ауданындағы жер учаскелері №16 және «Теріскей» (нөмірсіз, ауданы 0,0012 га; 0,0016 га) шағын аудандарында, Қаратау ауданындағы жер учаскесі «Нұрсәт» (нөмірсіз, ауданы 0,0009 га) шағынауданында орналасқан.
Конкурсқа қатысу үшін он жұмыс күні ішінде (2021 жылғы 4-мамыр күні сағат 09:00-ден 2021 жылғы 19-мамыр күні сағат 18:00-ге дейін) Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, 1-қабат, «Заңғар» бизнес-орталығындағы фронт-офиске құжаттарды тапсыру қажет.
Комиссия отырыстарын өткізу күні сайтта жарияланатын болады. Сонымен қатар, «1000 сауда нүктесі» жобасы туралы ақпараттарды Instagram әлеуметтік желісіндегі @shymkent_invest ресми парақшасы арқылы қадағалай аласыз.
Өтінімдерді қабылдау және кеңес беру Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304/Г, 1-қабат, «Заңғар» бизнес-орталығы «Shymkent Invest» Фронт-офисінде жүзеге асады. Байланыс телефоны:
8 (7252) 39-11-77.