САЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

126
0
Түркістан қаласында салық мәдениетін қалыптастыру және тұтынушылар мүддесін қорғау мақсатында Түркістан облысы әкімдігі, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы және Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимылдары туралы Меморандум аясында ұйымдастырылған іс-шараның қорытындысы өтті.
Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин, «ATAMEKEN» ҰКП Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Төлебайқызы қатысты.
Меморандум негізінде облыс деңгейінде мектеп оқушылары, салық агенттері және волонтерлар арасында «Салық сағаты» тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылған болатын. Салтанатты жиын барысында үздік шығарма иелері марапатталды. Сондай-ақ, салық сауаттылығын кеңінен насихаттаған салық агенттері мен БАҚ өкілдеріне Алғыс хат табысталды. Жиын соңында марапат иелері үшін Түркістан қаласының көрнекі орындарын тамашалауға арналған экскурсия ұйымдастырылды.