МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Шымкент қаласында мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Лазиз Сулайманов Қаратау аудандық филиалы жанындағы Достық бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Бұл басқосу депутат пен партия мүшелері арасында ашық пікір алмасуға, аймақтың өзекті мәселелерін талқылауға және алдағы жұмыс бағыттарын нақтылауға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында Лазиз Низамханұлы өзінің депутаттық қызметі аясында атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол аудан аумағында жүргізілген инфрақұрылымдық жобаларға, атап айтқанда, күрделі жөндеуден өткен көшелерге және биылғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру нысандарына назар аударды. Депутат бұл жұмыстардың басым бөлігі «AMANAT» партиясының қолдауымен және сайлауалды бағдарламада белгіленген міндеттер аясында жүзеге асып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде аудан халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар талқыланды. «AMANAT» партиясының қолдауымен іске асырылып жатқан жобалардың мақсаты – қала тұрғындарының күнделікті тұрмысына қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жетілдіру және әлеуметтік нысандардың сапасын арттыру. БПҰ мүшелері өз кезегінде депутатқа тұрғылықты жерлеріндегі өзекті мәселелер жөнінде сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Бұл сұрақтар негізінен коммуналдық қызметтердің сапасы, аулаларды абаттандыру, жол жөндеу, жарықтандыру және қоғамдық қауіпсіздік тақырыптарын қамтыды. Осы кездесудің маңыздылығы — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жергілікті деңгейде іске асуында. Бұл тұжырымдаманың негізгі мәні – билік пен қоғам арасындағы тиімді және тұрақты байланыс орнату, азаматтардың пікірін, ұсыныстарын, сын-ескертпелерін тікелей есту және оларды шешу жолдарын табу. Осы орайда, депутаттың тікелей тұрғындармен кездесуі арқылы мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды тиісті органдардың қарауына жолдау мүмкіндігі артады.
Мұндай ашық диалог тұрғындардың сенімін арттыруға және азаматтардың жергілікті басқару процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді. Себебі әрбір айтылған ұсыныс пен көтерілген мәселе – аймақтың даму стратегиясына қосылған үлес. Бұл тұрғыда «AMANAT» партиясы тек саяси ұйым рөлінде ғана емес, қоғам мен билік арасындағы сенімді дәнекер ретінде әрекет етіп отыр. Кездесу қорытындысында Лазиз Сулайманов тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштердің назарға алынатынын және оларды шешу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Бұл қадамдар, түптеп келгенде, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосады. Осындай тұрақты кездесулер мен ашық диалог алаңдары – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асырудың тиімді жолы болып отыр. Олар азаматтардың пікірін тікелей естуге, шешім қабылдау процесінде қоғамның рөлін күшейтуге және жергілікті мәселелердің уақытылы шешілуіне жол ашады.