ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

129
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысандарын тексеру барысында бірқатар ойын алаңшаларын аралады.

Бұл – Ә. Молдағұлова № 44 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы салынып жатқан балалар ойын алаңшалары. Қауіпсіз ойын элементтері орнатылуда. Шілде айында пайдалануға беріледі. Жалпы Абай ауданындда бұл жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Толық аяқталғаннан кейін тұрғындарға пайдалануға беріледі. Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарлануда. Абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері орнатылуда.

Аталған жұмыстарға «Strong service»ЖШС-ы, «New level» ЖШС-ы жауапты. Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Сонымен қоса, Сайрам шағынауданында да 10 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Еңбекші ауданындағы Сайрам шағынауданының тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасына белсенді қатысып өз жобаларын ұсынған болатын. Нәтижесінде биыл 10 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы құрылады. Қазіргі сәтте шағынаудандағы №№7,10 көпқабатты үйлердің ауласындағы ойын алаңшасы балалардың игіліген берілген болса, №6,9 үйлердің ауласында жұмыстар жалғасуда. Өндірістік кестеге сәйкес өзге үй аулаларында да жұмыстар басталғалы тұр. Сайрам шағынауданында көпқабатты 29 үй орналасқан.