ЕКІ ШАҒЫНАУДАНДЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ҮШІН ТАЛШЫҚТЫ ОПТИКА ЖЕЛІСІ ЖҮРГІЗІЛДІ

69
0

Үшінші мегаполистің Абай ауданына қарасты шағынаудандарда қазіргі кезде инфрақұрылыммен толықтай қамту бойынша мәселелер біртіндеп шешімін тауып келе жатыр. Қазіргі таңда Абай ауданына қарасты Солтүстік-батыс шағын ауданында 181 отбасы қоныстанған.

Халық саны 6 355 адамға жетіп отыр. Шағынаудан сапалы электр қуаты, табиғи газ, және ауызсумен толықтай қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жалпы саны 39 көшені құраса, оның 22-сі асфальтталған, ал қалған 17-сі тас жол төселген. Биылғы жылы шағынауданның Өріс тұйығы, Талас , Бектау көшелері жөндеуден өткізілді. Ал Өзекті көшесінің құрылысы жұмыстары аяқталапы, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Қазіргі таңда шағын аудан бойынша жарықтандырылған көшелер саны 3-ке жетіп отыр. Сонымен бірге Самал-3 шағын ауданында да инфрақұрылым мәселесі жолға қойылған. Аталмыш ауданда халық саны 27 090 адамды құрайды. Бұл шағынауданның тұрғындар да ауыз су, табиғи газ, және сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Шағынауданда жалпы 63 көше бар. Оның 24-і асфальтті көше болса, 39-ы тас жол төселген. Биылғы жылы Б.Момышұлы (жалғасы 1,2,3,4) Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын 6 көше жөндеуден өткізілді. Жарықтандырылған көшелердің саны 14-ке жетті. Аталған қос шағын ауданда сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі жүргізілген. Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес жыл басынан бері Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында қыруар іс қолға алынып, жүзеге асырылған. Жалпы Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і немесе 96 пайызы мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен немесе 4 пайызы жекеменшік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылып отыр. Ондан бөлек, 2021 жылға дейін ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары  жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді.