Қазақстан күрестен әлем чемпионатында үш медаль жеңді

Қазақстан грек-рим күресі бойынша U-20жастар әлем чемпионатында үш медаль жеңді, деп хабарлайды Uakit.kz ақпарат агенттігі.

Юсуф Мациев күміс жүлдегер атанды. 97 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан ол ирандық Али Рамезанали Абедидарзиге есе жіберіп, 4:0 есебімен жеңілді.

Ал Дінмұхамед Қошқар (67) мен Мақсат Сайлау (87) құрама командаға қос қола медаль алып келді.