КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ
Айта кету керек, Шымкент қаласында құрылыс саласы қарқын алған. Қалада көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда. Олардың сапасы да қатаң бақылауда екенін айрықша айта кету керек. Мәселен, жуырда ғана шаһар басшысы Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүріп жатқан «Igilik Park» тұрғын үй кешеніне барып, жұмыс барысымен танысты. Қазіргі таңда 12 000 шаршы метрлік 200 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйге кәріз жүйесі мен су құбыры 95%-ға тартылып, электр желісі жүргізілуде. «Халықтың сұранысы сапалы су, жарық және кәріз жүйелері. Бір рет жасалған жүйе ұзақ жылдар қызмет етуі керек. Сондықтан да сапаға аса мән беру керек» деді қала әкімі тиісті сала өкілдерімен кездесу барысында. «Igilik Park» кешеніндегі пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы арқылы алуға болады. Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылуда. Қорыта айтқанда, үшінші мегаполистегі құрылыс сапасы қашан да бақылауда. Орын алған кемшіліктер бойынша дер кезінде тапсырмалар беріліп, олқылықтардың орны толтырылып келеді.