ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕЛЕР ҚАУІПТІ АЛДЫН АЛАДЫ

265
0

Ерте замандарда қатты отынмен жанатын пештер жылыту мен жайлылықтың көзі болып саналатын. Дұрыс пайдаланса жылыту жабдығының бұл түрі осы сипатынан айнымайтыны сөзсіз. Бірақ пешті күтіп ұстау ұқыптылығының сақталмауы өкінішті жағдайларға апаруда. Бұл өрт қауіпсіздігі саласындағы ең ауыр қиындықтардың біріне айналып отыр. Пештен болатын өрт қаупін алдын алу үшін  Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірге үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Халықпен жиналыстар және рейдтер жүргізілуде.  Дауыс зорайтқыш құралдары арқылы хабарландырулар жариялануда.  Мектептер мен мекемелерде қауіпсіздік сабақтары өткізілуде.

Осы бағытта айтылатын қауіпсіздік ережелерін оқырман назарына да жеткізу біздің азаматтық міндетіміз деп білемін.

Жылыту құралдары мен пештерді пайдаланудың төмендегі қарапайым ережелерін сақтау арқылы әрбір адам  қайғылы жағдайлардың болуын алдын алады.

– Жылу беру маусымы басталар алдында жылыту құралдарын тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу;

– Жеке меншіктегі үйлерде жылыту кезеңінің алдында және кейін 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту;

– Шатыр асты бөлмелердегі барлық түтін жолдары мен құбырларын жүйелі түрде тексеріп отыру қажет;

– Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайды;

– Жылыту пешінің жанында ағаштарды, жанғыш заттарды, тез жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, жағылған пештерді, керосин шамдарын, керогаздарды қараусыз қалдыруға және пештің жағылуын балаларға қарауды тапсыруға болмайды;

 

 

Ә. МӘДЕШ,

Түркістан қаласындағы

№1 мамандандырылған өрт

сөндіру бөлімі бастығының орынбасары,

азаматтық қорғау аға лейтенанты.