КӨГІЛДІР ОТЫННАН ҚАУІП КЕЛМЕС ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

138
0

Табиғи газды қауіпсіз пайдаланудың жолы қандай? Бұл сұраққа Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі нақты жауап береді.

Атап өтейік, Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі міндетіне қала тұргындарынын табиғи газды қауіпсіз пайдалануlы, апатты жағдайларды алдын алуды және қажетті техникалық құжаттардың (ВДГО, ВДС) дұрыс рәсімделуін қадағалау және бақылау жұмыстары кіреді.

Өз кезегінде аталған мекеме қала тұрғындарының назарына Қазақстан Республикасы «Газ жане газбен жабдықтау туралы» Заңының 19-бабына сәйкес тұрғын үйге жүргізілген газ жүйесінің қауіпсіз пайдалануы сол үйдің иесіне жүктелгені көрсетілгенін қатаң ескертеді.

Егерде тұрғындардың есік алдына «Шкафты реттеу нүктесі» (ШРП) табиғи газ жүйесі қосылган болса, онда үй ішіне газ жүйесін жүргізуді арнайы мамандандырылган мердігерлермен келісім-шарт арқылы жүзеге асыруы тиіс. Және қажетті кұжаттарын (техниқалық шарт, газ қондырғыларының орналасу жобасы, мұржаның калыпты жұмыс жасауы туралы хаттама) міндетті түрде толық рәсімдеу қажет. Өз кезегінде  үйішілік газ жабдығының жай-күйін, жарамдылығын тексеретін және үйішілік мұржаның желдету жүйесіне зерттеулер жүргізіп, қажетті құжаттарды толтыратын мекемелердің (ВДГО, ВДС)  тиісті лицензиясы болуына баса мән берген абзал.

Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» тарапынан тұрғын үйлерді зерттеу барысында төменде аталған құжаттардың болмауы Қазақстан Республикасы «Газ жане газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны болып табылады. Олар атқару техниқалык құжаты (ИТД),үйішілік газ жабдығына қызмет көрсету келісім-шарты (ВДГО), үй ішілік мұржаның қалыпты жұмыс жасалуына кызмет көрсету (ВДС).

Түркістан қаласы «Газ инспекциясы»  көгілдір отынға қосылған әрбір абонентте  аталған құжаттардың болуы міндетті екенін алға тартады. Және бұл бағыттағы ескертулер  толыққанды орындалғанша «Газ инспекциясы» КММ табиғи газды пайдалануды уакытша тоқтатуға және аса қауіпті жағдайда тыйым салуға құқылы.

Коммерциялық, әлеуметтік нысандарды және жеке тұрғын үйлерді тексеру-зерттеу барысында меншік иелері инспекция мамандарына жоғарыда аталған құжаттарды көрсетуі міндетті.