ҚАУІПТІ АЛДЫН АЛУ ҮШІН 52 ТАҚТАЙША ІЛІНДІ

192
0

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы шомылу маусымында атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Басқарма ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылдың шомылу маусымы басталғаннан бастап қала бойынша су айдындарында 3 қайғылы оқиға орын алған. Салыстырмалы түрде айта кетейік, 2021 жылы да үш оқиға тіркелген. Жапа шеккендердің бәрі жасөспірім болған.

Құтқарушылар су айдындарында болатын  қайғылы оқиғалардың негізгі себебі үлкендердің қарауынсыз балалардың арықтарға, каналдарға түсіп кетуі және тыйым салынған орындарда шомылуынан екенін алға тартады.

Жалпы қала көлемінде суға шомылуға  тыйым салынған үш аймақ анықталған. Олар «Арыс-Түркістан» каналы (8 шақырым құрайды), «Тұңғыш Президент» саябағы және  Карашық өзені. Одан өзге қала ішінде құрылған 6 сектор бойынша атап айтқанда, «Отырар», «Шауғар», «Яссы», «Сауран», «Бірлік» және «Бекзат» мөлтек аудандары аумағында ағып өтетін арықтардың да (лотоктар) кішкентай балалар (4 жастан 8 жасқа дейін) үшін қауіп қауіпті болып отыр. Осыған орай қайғылы оқиғаларды алдын алу үшін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековпен ағымдағы жылдың 5-сәуірінде «2022 жылға арналған жазғы шомылу маусымына арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Іс-шаралар жоспарының орындалуы тиісті мекемелерге ұсынылды.

Азаматтардың суға батуына жол бермеу және қауіпсіздік мәселелері бойынша қала әкімінің орынбасары Ж.Тасовтың төрағалығымен қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, нақты тапсырмалар берілді.

Мектеп оқушылары қайғылы оқиғалардың құрбаны болуын алдын алу мақсатында қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық мектеп және балабақша менгерушілері және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен жоспарға сәйкес семинар өткізілді. Семинарда шомылу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау  қағидалары түсіндірілді. Арнайы жасалған бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың WhatsАpp желісіндегі ата-аналар чаттарында үгіт-насихат материалдары жүктеліп, жолданды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде (Инстаграм, Фэйсбук, Ютуб)  арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Қала көлемінде орналасқан су айдындары (бассейн) басшыларымен басқарма тарапынан суға түсу кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум негізінде әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын балалардың аптасына 2 рет тегін шомылуға және шомылу ережелерін үйренуіне мүмкіндік берілді.

Ағымдағы жылдың 10-маусымында қалалық әкімдік  ғимаратында                қала аумағында құрылған         6 сектор менгерушілерімен жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты әр сектордын өзінің сектор аумағындағы қауіпті учаскелерді (лотоктар) анықтап, сол жерлерге арнайы әзірленген шомылуға тыйым салынған тақтайшаларды орнату мәселесі қаралды.

Қазіргі таңда қала аумағындағы қауіпті учаскелер бойынша 52 тақтайша орнатылды.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының Түркістан қалалық полиция басқармасымен бірлескен жоспарына сәйкес, аталған қауіпті учаскелер бойында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 364 және 440-баптары бойынша 34 азаматқа әкімшілік іс-шара қолданылды. Атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат тұрақты түрде әлеуметтік желілерге жүктелді.

Қаланың көрнекі жерлеріне қала тұрғындары мен қонақтарын ескерту мақсатында 3 дана баннер орнатылды. Үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін 9700 дана жадынама парақшалары таратылды. Радиоларда 52 рет комментарий беру ұйымдастырылды. Сонымен қатар өңірлік коммуникациялар қызметінде 5 рет брифинг өткізілді.        Әлеуметтік желілер                    мен мерзімді басылымдарда  24 мақала жарияланды. Қаладағы «Түркістан-Арыс» каналынын маңында орналасқан Е. Изатуллаев мектебінің оқушыларымен семинар жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында төтеншеліктер өскелең ұрпаққа судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.

Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша суға шомылу маусымы ресми түрде 25-тамызда аяқталды.

Ескерту: сурет ғаламтордан алынды