ШЫМКЕНТТЕ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА ТҰРҒАН АЗАМАТТАРЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРУДЕ

106
0

Шымкентте пробациялық есепте тұрғандар квотамен жұмысқа орналаса алады, деп хабарлайды Uakit.kz.

Өздеріңізге белгілі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік – құқықтық көмек берудің бірден бір жолы ол азаматтарды жұмыспен қамту.

Осыған байланысты 2021 жылдың 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жөнінде 2022 жылдың 19 шілдесінде қала әкімінің №1353 қаулысы шыққан.

Қаулыға сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар бойынша 11 кәсіпорында 54 адам жұмысқа орналасу жоспарланған. Бүгінгі күнге 9 кәсіпорынға 36 адам жұмысқа орналасты.
Ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды 9 кәсіпорынға орналастыру үшін 52 жұмыс орнының квотасы бекітілген. Бүгінгі таңда 7 кәсіпорынға 30 адам Орталық арқылы тұрақты жұмысқа жолданды.

Алдағы уақытта бекітілген мекмелерге ұсынылған мамандықтарына сай азаматтарды жолдау жұмыстары ұйымдастырылуда.

Азаматтарды жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тартқан мекеме басшысын қолданыстағы Қазақстан Республи касының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сай әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аудандық прокуратура органына хат жолданатын болады.

Пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар арасында қайта қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеуді алдын алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен өзара әрекеттесу жұмыстарын жандандыруды ұсынамын.

Осы ретте, бірлесіп: «Пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу арқылы, «2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде жұмыспен қамту шараларына қатыстыру мүмкіндігін атап өткіміз келеді.
2022 жылға жалпы 33 500 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда.

Бүгінгі күнге аталған ұлттық жоба шеңберінде 33 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтылды.
— 23 адам тұрақты жұмыс;
— 1 адам алғашқы жұмыс орны;
— 1 адам жастар практикасы;
— 2 адам қоғамдық жұмысқа жолданды
— 2 адам бизнес бастау бойынша жолданды

Сонымен қатар, Кәсіптік оқу бойынша, түзеу мекемесінен босап шыққан және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың ішінен қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысуға 6 азамат өтініш білдіріп, құжаттарын тапсырды және 4 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқыпжатыр. Жалпы Жұмыспен қамту орталығының белсенді шаралары бойынша 102 адам белсенді шараларға жолданды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға жұмыспен қамту шаралары басым тәртіппен жүргізіліп, үнемі бақылауда болатындығын мәлімдеймін.