СПОРТТЫҚ САЙЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

38
0
Шымкент шағын футбол және баскетболдан аула клубтары арасында турнир мәресіне жетті. Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарысқа шаһардың әрбір ауданынан 500-ден аса жас спортшы қатысты.
«Ақ арыс» спорт кешенінде өткен марапаттау рәсімінде ішкі саясат және жастар істері басқармасының бөлім басшысы Қадырхан Арысбеков сөз сөйлеп, турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтады және бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарыста баскетболдан жүлделі 3-ші орынды — «Нұртас» командасы, 2-ші орынды — «Қабанбай батыр» командасы иеленді. Ал, баскетбол бойынша турнирдің чемпионы атағын «Тұрлан» командасы иеленді. Футбол бәсекесінде «Қабанбай батыр» командасы үздік үштіктен көрінсе, күміс жүлде «Тұрлан» командасына бұйырды. Футбол бойынша турнирдің чемпионы атағын «Бүркіт» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Айта кету керек, Шымкентте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көптеген спорттық шаралар өтіп келеді. Солардың бірі — «Базар жастар лигасы» турнирі. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен бастау алған спорттық сайысқа базар және сауда орындарынан 200-ге жуық өтінім түскен. Спорттық сайыс ережесіне сәйкес, 160 жастан тұратын 16 команда жасақталған. Атап айтқанда, «Барыс», «Тұлпар», «Авто-Нұр», «Айна, Жібек» жолы, «Алаш», «Акбар», «Көне қала», «Пионер», «Орталық қырғы» базарлары мен «Технодом», «Evrika», «Магнум», «Мечта», «Sulpak», «Север» сауда орталығы. Турнир ұлдар арасында кіші футболдан 8 тамыз күні басталып, I-орын-«Акбар» базар, II-орын-«Көне қала» базары, III-орын-«Барыс» базары иеленсе, екінші кезеңі қыздар арасында 16 тамыз күні өтіп, I-орын-«Sulpak» базар, II-орын-«Магнум» базары, III-орын-«Тұлпар» базары иеленді. Сондай-ақ, үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы мен үздік байланыстырушы, үздік шабуылдаушы, үздік қорғаушы анықталды.

Жеңімпаз барша командаларға Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Мұратжан Шотановтың атынан арнайы дипломдар, кубокпен қатар, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, базар жастар лигасының басты мақсаты, сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалану және жастар арасында бұқаралық спортты дамыту болып табылады.