КӘСІПКЕРЛІК САЛА ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАМЫП КЕЛЕДІ

89
0

Шымкентте кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін салалық байланыс топтары құрылады, деп хабарлайды Uakit.kz.

Мұндай шешімді қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылған өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесуіңде қабылдады. Кездесу салалық қауымдастықтардың, құқық қорғау және қадағалау органдарының қатысуымен өтті. Кездесудің модераторы Өңірлік кеңестің төрағасы Қайрат Молдасейітов болды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесін құру жөніндегі жобаны іске асыруды бастады. Экожүйе шеңберінде бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу фактілерін азайтуға және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде артық әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда. Сондықтан кездесу экожүйе шеңберінде шешуді талап ететін бизнестің жүйелі мәселелерін талқылау үшін ұйымдастырылады, — деп атап өтті Қайрат Молдасейітов.

Кездесу «Ашық әңгіме» форматында өтті, онда кәсіпкерлер әкімге және басқа мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп, қозғалған кейбір мәселелер өз шешімдерін тапты. Қала әкімі көтерілген мәселелердің кейбірін дереу өз орынбасарларына қарауды тапсырып, ал кейбір кәсіпкерлерді жеке қабылдауына шақырды.

Мұрат Әйтенов кездесудің бизнес үшін де, билік үшін де пайдалылығын атап өтіп, үнемі, оның ішінде микро және шағын бизнес өкілдерімен кездесуді ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара Мемлекет басшысының 2022 жылғы 19 мамырда бизнес-қоғамдастықпен кездесу барысында, әкімнің прокуратураның қатысуымен бизнес өкілдерімен тоқсан сайынғы кездесулерін өткізу қажеттілігі туралы айтқан тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Атап айту керек, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өткізген Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өткен болатын.

Яғни, өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құраса, инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артқан. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге жетіп 139,7 пайызды құраса, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды.
Сонымен қатар, жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз. Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты. Сондай-ақ, байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені құрап, 4,6 пайызға арқан.