ҚАУІПТЕН ШЫҒУ ҮШІН ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК

Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар кезінде халықты уақытылы хабардар ету мақсатында Түркістан қаласы аумағында
31 құлақтандыру жүйесі «Марс Арсенал» орналасқан.

Бұл туралы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 9 айында қала аумағында азаматтық қорғаныс бағытында бірнеше іс-шаралар атқарылған. Атап айтқанда, қала әкімінің 2021 жылғы 16- тамыздағы №62-Ө өкімімен қорғаныш ғимараттарына түгендеу жұмыстары жүргізілді.  Қала аумағында орналасқан жертөле және цокольдық ғимараттар саны  – 51 болса, оның ішінде 48 нысан немесе 94% — «дайын» екені анықталды. Ал қалған 3 нысан  немесе 5% — «шектеулі дайын».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №793 қаулысы бойынша Түркістан қаласының әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын қоса алғанда, аумақтық дамудың ұзақ мерзімді перспективалары айқындалған. Бас жоспардың жобалық шешімдерінің негізінде түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде халықтың тұрмыс-тіршілігі негізінде күнделікті бөлігі ғана қарастырылған. Атап айтқанда, экологиялық (жасыл) қала (Green Сity), эстетикалық тартымды қала, ақылды қала (Smart City), қауіпсіз қала, тұрақты (өмірлік) қала (Resilience Сity), жаһандық (әлемдік) қала (Global Сity).

Өкінішке орай, бүгінге дейін қаладағы азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар (23 бап ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» 11.04.2014 ж. №188)  ескерілмеген.  Ал қала аумағында үлгілік құрылыстар (басқару пункттері, жеке тұрған және жапсарлас салынған баспаналар, радиацияға қарсы паналар, азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары) мүлдем жоқ.

Әлемдегі геосаяси жағдайды және қаланы қорғауды ескере отырып бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлардан азаматтық қорғаныс объектілерін салу және мүлкін жинақтау бойынша бірқатар алдын алу іс-шараларын көздеу қажет.

Себебі, азаматтық қорғаныс шаралары бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да маңызды сәттердің бірі болып табылады

Осы мәселелерді күн тәртібіне шығарған Түркістан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы  облыс орталығы 6 баллға дейінгі сейсмикалық аймаққа жататынын, онда сейсмикалық төзімді құрылысты және ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық беріктігін   (8т. 2 т. 41-бап ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» 11.04.2014 ж. №188) ескеру қажеттігін ескертеді.

«Азаматтық қорғау туралы» Заңның талаптарын іске асыру шеңберінде 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру бойынша халықты жасыру (азаматтық қорғау қызметтерінің, неғұрлым жұмыс істейтін ауысымдардың, санатталған ұйымдар мен құралымдардың) жалпы азаматтық қорғаныс бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы тиісті органға қала аумағында объектілерді одан әрі жобалау және салу кезінде азаматтық қорғаныс объектілері үшін ғимараттардың жерасты алаңдарын пайдалана отырып, азаматтық қорғаныс іс-шараларын және сейсмикалық күшейту элементтеріне екпін түсіруді ескертеді.