“ҮКІЛІ ҮМІТ” ӘН-БИ БАЙҚАУЫ

214
0

Тереңіне бойласақ, адам баласының бір-бірінен артық немесе кемдігі – оның ақыл-парасатымен, білімімен ғана өлшенбек. Тәнге берілген кемістік – ол сынақ қана. Сол сынға төтеп берсең, алға ұмтылсаң сені ешкімнің де кемсіте алмасы ақиқат.
Ал ауданымыздағы Мәдениет үйінде өткен «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың аудандық ән-би байқауының мақсаты — дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылықтарын шыңдау, өмірге деген құштарлығын, рухани деңгейін арттырып, отансүйгіштікке, ұлттық рухта тәрбиелеу, оларға бағыт-бағдар беріп, өмірге деген құштарлығын арттыру, қолдау көрсету болып табылады. осы сыннан оза шапқан балалардың қарым-қабілетін, дарындылығын паш ету. Байқауға ән-би номинациясы бойынша 9 үміткер қатысты. Әні мен сазы, биі мен назы келіскен үміткер де анықталды. Нәтижесінде байқаудағы 3-орын Нұрболат Мұратбекке, 2-орын Зейнеп Әлімхан мен Әсем Нұрлыбекке, 1-орын Ажар Есқараеваға бұйырса, байқаудың бас жүлдесін Алтынай Болатқызы иемденді. Байқауға қатысушылар бөлімнің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жібек НҰРБАЙҚЫЗЫ.
68