ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ –АТА ЗАҢ

170
0

Тарихымыздың қай кезеңіне көз салсақ та, ол бірліктің жылнамасы. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы , заңды мұрагері –біздің бүгінгі Конституция. Аталар аманаты Ата заңымыз.
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы! деп Айбатыр Сейтақтың өлең жолын еске түсірсек Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Конституцияны басшылыққа ала отырып, тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқарылып келе жатқаны белгілі.
Міне осындай тарихи айтулы мерекеміздің қарсаңында қазақстанның әрбір азаматы барынша, тиісінше Ата Заң күнін атап өтуге атсалысу өзінің азаматтық парызы деп білуі тиіс. Бұл даталы күннің сән- салтанатын құрып, жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тілдерді оқыту және дамыту орталығы да өз үлесін қосып, ауданның мекеме қызметкерлері арасында ашық сабақ ұйымдастырды. «Тәуелсіздіктің тірегі –Ата заң» тақырыбында өткізілген ашық сабаққа ағылшын тілін үйренуші тыңдаушылар Қарапайым (А1) деңгейін меңгеріп, дәріс алушылар қалалық аурухана мен Төлеби ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қатысты. Ата Заңымыздың қадір –қасиеті мен оның маңыздылығы жайлы сөз қозғаған мұғалім Айжан Нұрланқызы слайд арқылы Конституцияның құрылымы туралы кезең-кезеңімен айтып, сабақты өз мақсатына жеткізіп, көптеген мәліметтерге тоқталып өтті. Тыңдаушылар тарапынан «Тарих өткелдері» атты көрініс қойылып, үш тілде өлеңдер оқылып, ән айтылды. Қорыта келсек,
бірлігімізді тұмардай сақтай білсек, еліміздің әр мерекесін шама шарқымызша, үлкенді кішілі үлес қосып, атап өтіп отырсақ біз үшін алынбайтын қамал болмайды.

60