ТӨТЕНШЕ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША 4500-ДЕН АСА SMS-ХАБАРЛАМА ЖОЛДАНҒАН
Ел аумағында төтенше жағдайларды алдын алу және жою жұмысы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басты міндеті. Ведомства құрылымында қызмет ететін өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, диспетчерлер мен ұшқыштар төтенше жағдайларды жояды, өртті сөндіреді, адамдар мен мүлікті құтқарады. Жыл басынан беру төтенше жағдайларды жою үшін ведомстваның өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқару және басқа да бөлімшелерінен 61 983 шығу жүзеге асып, 9 863 адамды құтқарылған.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Төтенше жағдай аумағынан барлығы 10 627 адам эвакуацияланып, 3 690 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Ағымдағы жылдың 9 айында ел аумағында 9 727 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелген. Онда 1 481 адам зардап шеккен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші-диспетчерлік бөлімшелері SMS-хабарламалардың бекітілген тізбесіне сәйкес ұялы байланыс телефондарына SMS-хабарламаларды жіберу арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы халықты хабардар ету жөнінде дереу шаралар қабылдайды.
Ұялы байланыс операторлары арқылы халыққа дауылды ескертулер атап айтқанда, көктайғақ, қатты жел, боран, қатты аяз, жаңбыр суының қаупі, қар көшкіні қаупі, тас жолдарының жабылуы, сабақтардың тоқтатылуы және т.б бойынша 4558 смс-хабарлама жіберілді.
Жедел ден қоюды және шешім қабылдауды талап ететін ақпарат белгіленген тәртіпке сәйкес дереу тиісті басқару органдарына жеткізіледі.
Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында жалпы №1 МӨСБ кезекші диспетчерлік пунктіне 327 (2021 жылы — 155) хабарлама тіркелген. Есепті мерзімде қала аумағында 49 өрт оқиғасы тіркелген. Жалпы өрттен 116 млн 130 мың (2021 жылы — 137 млн 550 мың) материалдық шығын келіп, 467 млн (2021 жылы — 506 млн) материалдық құндылықтар құтқарылған.
Қала бойынша 2022 жылдың 9 айында өрт оқиғасы салдарынан қайтыс болғандар жоқ.