ӨРТ ӨКІНІШ ӘКЕЛМЕС ҮШІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРУДЕ

Түркістан қаласы бойынша жылы беру маусымы 1-қарашада басталады. Осыған байланысты қала аумағында газ инспекция мен төтеншеліктер өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қала аумағында 40 мыңнан аса абонет бар болса, соның 38648 газ пайдаланады. Табиғи және техногенді апатты алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі, улы газдан улану бойынша газ инсепекция мамандары төтенше жағдай басқармасы қызметкерлері бақылауды күшейтуде. Түсіндіру жұмыстары кезінде арнайы дайындалған жадынама парақшасы таратылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Анықталған кемшілікітер бойынша хаттама түзіліп, ескерту берілуде.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жалпы өрт қауіпсіздігін алдын алу, улы газдан уланудан сақ болу бойынша түсіндіру жұмыстары ел аумағында белсенді жүргізілуде.

Жоғарыда Түркістан қаласы бойынша жылыту маусымы 1-қарашада басталатынын атап өттік. Ал республика бойынша жылыту маусымы 1-қазанда басталған. Содан бері ел аумағындағы тұрғын үй секторында 186 өрт болып, 2 адам қаза тапқан. Бұл көрсеткішті өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт санының 1,5%- ға, өрт кезінде адам өлімінің 4 есе төмендеуі байқалады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрттер санының өсуі еліміздің  Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Түркістан, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында байқалып отырғанын алға тартады. Ал  Шығыс Қазақстан облысы  мен Абай облысында өрт кезінде қаза тапқандардың өсуі байқалып отыр.

2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінің басынан бастап өрт салдарынан 3 адам жарақат алса, көміртегі тотығымен улану салдарынан 2 адам жарақат алған. Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облысында өрт кезінде жарақат алғандардың өсуі байқалады. Улы газбен улану салдарынан жарақат алғандардың өсуі Алматы қаласында байқалады.

Халықтың өртке қарсы мәдениетін арттыру және тұрғын үй секторындағы өрттерге байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында жылыту маусымына дайындық кезеңінде 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін халыққа пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілді.

Аталған акция аясында еліміздің Төтенше жағдай министрлігінің аумақтық бөлімшелері халықтың әлеуметтік осал топтарының 105 933 тұрғын үйін есепке алған.

Өрт қауіпсіздігі науқанының I-кезеңінің қорытындысы бойынша 100% аралау қамтамасыз етілді, оның барысында 340 725 азаматқа нұсқау берілді. Аралау барысында 98 461 тұрғын үйде 79 341 үй бұзушылықсыз пайдаланылатыны анықталды, 19 643 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 61 118 бұзушылығы анықталды, 13 633 бұзушылық сол жерде жойылды.

Өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін Өрт қауіпсіздігі науқанының II-кезеңі басталды. Профилактикалық жұмыс автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлерді қамтиды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне бару жалғасын табады.

Осылайша 369 886 үй аулалық аралаумен қамтылып, 724 232 азаматқа нұсқау берілді. 38 178 тұрғын үйде 62 508 бұзушылық анықталды, 21 926 бұзушылық сол жерде жойылды.

Жанудың бастапқы сатысында түтінді уақтылы анықтау және хабарлау үшін республика бойынша 1 маусым мен 7 қазан аралығында жеке тұрғын үйлерде 12 725 датчик орнатылды, оның ішінде табиғи газ датчигі – 4 389, көміртегі тотығы датчигі – 8 022 және түтін датчигі – 314.

Өрт пен адам өлімінің алдын алу және болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстары жылыту маусымының соңына дейін жалғасатын болады.