Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Бүгінде осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып дәстүрлі түрде тойлануда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Үлкен жауапкершілікті талап ететін қауіпті қызметте кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш күш керек, яғни әрбір қызметкердің физикалық дайындығы болуы шарт. Осы мақсатта 13 қазанда №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөліністерінің арасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған қызметкерлерді еске алуға арналған өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс ұйымдастырыды.
Бұл күні командалар жауынгерлік қанат жаю бойынша сайысқа түсті. Жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстың қорытындысына сәйкес 1-ші орынды №4 өрт сөндіру бөлімінің командасы, 2-ші орынды №2 өрт сөндіру бөлімінің командасы, үшінші орынды №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді.
Жалпы командалық есепте тартысты жарыста бірінші орынды №4 өрт сөндіру бөлімінің командасы, екінші орынды №2 өрт сөндіру бөлімінің командасы, ал мамандандырылған жасақ командасы үшінші орынға лайықты болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар мен қатысушыларға кубоктар, мадельдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Алтынбек Оңалбекұлы Толтаев жарысты қортындылап «Біздің өрт сөндірушілеріміз әрдайым алда! Қиын тапсырмаларды орындау үшін біз физикалық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Біз бұл іс-шараны қаза болған қызметкерлерімізді еске алу үшін жыл сайын өткіземіз. Қатысушыларға осындай қиын, алайда қоғам үшін маңызы зор қызметі үшін алғыс айтам»-деп барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.