ҚАТЫНКӨПІР ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

107
0

Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағынауданында 5 302  отбасы қоныстанған. Халық саны 37 150 адамды құрайды.

Бүгінде шағын ауданда, сапалы ауыз су, табиғи газ, сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген.  Жалпы саны 107 көшенің  75-і асфальт, 32-сі тас жол. Биыл Спатаев, Ирисмет ата, Айбек , Яссауй — 4 көше пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 18. Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында базалық станция орнатылған.

Жалпы Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і немесе 96 пайызы мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен немесе 4 пайызы жекеменшік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады. Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, 97%-ды құрап отыр.  2022 жылы 5,2 млрд теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ауданның 8 елді мекені 115,9 мың адам немесе жалпы тұрғындардың 36 пайызы орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам немесе 64 пайызы кәрізбен қамтылмаған. Ал 2025 жылға дейін 59 пайыз орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде. Сонымен қатар аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда.

2021 жылға дейін ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары  жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді. Қорыта айтқанда, үшінші мегаполиске қарасты ауданда қолға алынған шаруа қыруар. Нәтижесін жергілікті тқрғындар көріп те жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасын таппақ.