ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖОСПАР ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

100
0

Жұмыспен қамту – жергілікті атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мемлекет басшысының өзі халықты жұмыспен қамту шараларына айрықша мән беру керегін айтқан болатын. Сәйкесінше, атқарылып жатқан жұмыстар да жоқ емес. Мәселен, Шымкентте 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде  2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 30 мынан астам адам қатысқан.

Ұлттық жоба аясында кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланса, бүгінде оған 3 354 адам оқуға жолданған. Оның ішінде 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыса, 760 адам жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытылған. Ал жоспарланған меженің яғни 1 976 адамның 962-сі дағдыларға онлайн-оқыту курсынан өткен. 2022 жылдың 2 тоқсандағы жағдайымен Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздар саны 22 546 адам болса, жұмыссыздық деңгейінің 5 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жоспар бойынша 3050 адамға қолдау көрсетілуі тиіс болатын, қазір 12 102 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсетілген, яғни жоспардан тыс 4 есе орындалып отыр. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1900 адамды кәсіпкерлік негіздерге оқыту жоспарланған,  бүгінде жобаға 11 492 адам оқуға тіркеліп, 6 есеге артып отыр.  Сондай-ақ, 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған, қазіргі таңда 610 адамға берілген. Оның ішінде 175 адам жастар, 435 адам осал топ қатарынан. Олар 14 адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 8 адам асыраушысынан айырылған, 295 адам көп балалы отбасыларының мүшелері, 67 адам мүгедектігі бар балаларға қараушы, 61 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Бұдан бөлек, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 4 819 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілуі тиіс болса, қазір нақты 5 044 адамға берілген. Олардың 2 236  адамы әлеуметтік жұмыс орындары жолданса, 2 236 адам жастар практикасы өту мүмкіндігін алған. Қорыта айтқанда, халықтың табысын арттыру мен жұмыссыздықпен күрес бағыты қашан да өзектілігін жймаған. Өз кезегінде, мәселелерді шешу бағытында қыруар іс атқарылып келеді.