ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖЕМІСТІ

65
0
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Uakit.kz.
Алдымен «Аялы алақан» №5 арнаулы орталығында болды. Орталық — арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар тірек- қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда орталықта 110 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде.
Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Журналистер пресс-тур барысында аталған мекеменің жұмыс барысымен танысты.
Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету.
Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 600-ден аса ана өткен. Бүгінгі таңда, қала бойынша 37 014 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді.
 «Бақытты жанұя» орталығы» КММ мен «Отбасы банк» АҚ-мен арасында түзілген әріптестік меморандум аясында орталықтың ғимаратында банктің мамандарының арнайы бөлмесі жасақталып, 1 119 аналарға тұрғын үй мәселесі бойынша ақпараттық қызмет көрсетілді. Соның нәтижесінде 4 ана «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болған.