ШЫМКЕНТТЕ ПАТРИОТТАР ФОРУМ ӨТТІ

112
0
Шымкентте Мемлекеттік рәміздерді насихаттағандар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында ҚР Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне Ұлттық мереке Республика күніне қосу туралы ұсыныс берген болатын. Қазіргі таңда Ұлттық мереке Республика күні ұлықталып, жан-жақты насихатталып, мерекелік шаралар ұйымдастырлуда.
Осы орайда, Шымкентте 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық форум өтті. Айтулы іс-шараны Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Серпіліс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Салтанатты іс-шараның ашылуында сөз алған басқарма басшысы форум қатысушыларын Республика күні мерекесімен құттықтап, өскелең ұрпаққа шараның маңыздылығын айтып өтті.
«Республика күні — еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке. Бұл — ата-бабамыздың арманы орындалып, еркіндікке қол жеткізген күн. Осыған орай қаламызда мемлекеттік рәміздерді насихаттау, мемлекеттік Туымызды дәріптеу, оның қадірін жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында осындай патриоттық форум ұйымдастырылып отыр», — деді Мұратжан Шүкірханұлы.
Жиында медицина ғылымдарының докторы, профессор Иманәлі Байдәулетов қатысып форум қатысушыларына рәміздердің құндылығын түсіндіріп, еңбек жолында маңызды шешімдер жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, ҚР Қарулы күштерінің Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Омбаев бастаған ел ағалары сөз сөйлеп, жастарға Тудың қадірі мен Отанға адал қызмет ету туралы өнегелі әңгімелерін айтты.
Айтап айту керек, форум барысында мемлекеттік рәміздердің насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік пост», «Үздік бейнеролик» және «Үздік іс-шара» байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.