ӨРТТІ АУЫЗДЫҚТАУҒА 47 ҚҰТҚАРУШЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

69
0

Ағымдағы жылдың 9 айында Түркістан қаласы бойынша барлығы 47 өрт оқиғасы болған,-деп хабарлайды uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Өрт оқиғаларының бірі 30 қыркүйекте екі қабатты жиһаз шеберханасында болды. Төтенше оқиға туралы хабарлама сол күні сағат 15:26 минутта 101 пультіне келіп түсті. Түркістан қаласындағы жеке үйдің аумағында орналасқан жиһаз цехындағы өртті ауыздықтау үшін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 45 қызметкері және 17 бірлік техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен өртті сағат 16:36 минутта оқшаулады. Ал сағат 17:16 минутта толығымен сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.