Сабақты қызықты өткізу ерекшелігі
Төл республикамызда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналатын себепті, шәкірттеріме қазақ тілі пәнінен дәріс беру барысында оның мазмұнды да мағыналы болуын қатаң басшылыққа алып отырамын. Осындай шығармашылық талпыныс өзінің оң нәтижесін де беруде. Шәкірттерімнің бұл пәннен үлгерімі аса жоғары. Мен өз пәнімді өткізуде әралуан көрнекі құралдарды пайдаланып қана қоймай, оны ғұмырымызда орын алып, жататын ғажайып құбылыстармен байланыстырып та отырамын. Осылай өтілген сабақ шәкірттерді қызықтыра түспек. Сөзім жалаң болмас үшін шәкірттеріме берген кезекті дәрісіме аз-кем тоқтала кетейін.
Сабақтың тақырыбы: «Етістіктің шақтарын қайталау» деп аталған. Дәріс беруде мынандай бағдар түзілді:
Сабақтың мақсаты: білімділік – шақ туралы білімді қалыптастыру; дамытушылық мәні-теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу, шәкіртті ойын жинақтай білуге дағдыландыру; тәрбиелік мәні- оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, алғырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, оқулықпен, суретпен және тақтаның көмегімен жұмыс істеу арқылы пәнді игеру, пікір білдіру, тапсырмалар орындау және.т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, сурет, ән,ағылшын тілі.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, үлестірме тапсырмалар, семантикалық карта, т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейінін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау: шақтар туралы пысықтап өту, 171-жаттығуды сұрап, «әр шақта болған оқиға» атты әңгімелерін оқытамын.
3. Жаңа сабақты түсіндіру (тірек сызба арқылы) пысықтау «Хабарланып (айтылған не жазылып) отырған іс-әрекет, қимылдың өту мезгілін білдіру етістік – шағы аталады» деп анықтамалығын ұғындыру.
Осыдан соң етістіктің жасалу жолдарына жан-жақты тоқталып өтеміз.
Мұнан соң, «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ашу», «Ой қозғау» деген тақырыптар бойынша дәрісімді дамыта түсемін.
Дәріс соңы сұрақ-жауапқа ұласады.
Мұнан соң шәкірттердің белсенділігі бағаланып, үйге тапсырма беремін.
Мен өз сабағымды осындай бағытта өткізіп келемін. Алдағы уақытта да білім-біліктілігімді арттыра түсіп, шығармашылықпен қызмет ете бермекпін.
Г.ӨМІРӘЛИЕВА, №72 жалпы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі.