ТОЛАССЫЗ ЖАҢБЫРДАН СУ ЖИНАЛҒАН ОРЫНДАР ДЕР КЕЗІНДЕ ТАЗАЛАНУДА
Шымкентте күзгі ауа-райының күрт өзгеріп, жауын-шашынды болуына байланысты Шымкентте қауіпсіздік шаралары жіті бақылауға алынып жатыр. Бүгінде тұрғындарды әбігерге салған мәселе өз шешімін табуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласында 25-26 қазан күндері толассыз жаңбыр жауды. Соның салдарынан қаланың кейбір жерлерінде жауын-шашын суы жиналып қала тұрғындарымен автокөліктерге ыңғайсыздық туындатты. Осыған байланысты арнайы кезекші бригадалар құрылып, жиналған су дер кезінде арнайы техникалармен сорылып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Кезекші бригадалар төрт аудан бойынша жедел жұмыс істеп жатыр. Абай ауданнның бірқатар аумақтарында су басу оқиғалары тіркелді. Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС арнайы 15 техника су тартатын және 30-ға жуық жұмысшы қызметкерлер және Төтенше жағдайлар департаментінің 2 су тартатын мотопомпа жұмылдырылды. Нақтырақ айтар болсақ, 7 елді мекенде, сондай-ақ 11 көшеде және «Қарасу» өзені арнасының суға толу жағдайлары орын алған болатын. Су сорғыштардың күйіп кетуіне байланысты Бекжандағы жолайрық, Колостағы көпірлердің асты жауын-шашының суына толды. Орын алған келеңсіз жағдайлар дер кезінде жойылды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Аудан әкімдігі тарапынан су шаю орындары мен қауіпті аумақтарда арнайы кезекші бригадалар ұйымдастырылып, жағдай тұрақты бақылауда.
Дәл осындай жұмыстар Әл Фараби ауданында да жүргізілді. Онда жаңбыр суын сору жұмыстарын 8 техника 30-дан астам адам үйлестірді. Сонымен қатар Еңбекші ауданында 40 техника мен 230-ға жуық жұмысшы атсалысса, Қаратау ауданында 15 техника, 4 мотопомпа және 50-ке жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды. Жауапты органдардың мәліметі бойынша, қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ, жағдай мамандардың тұрақты бақылауында.