ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ — ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Тұрғындардың қауіпсіздігі кез келген қоғам үшін айрықша маңызды. Бүгінде бұл салада елімізде атқарылып жатқан жұмыстар толағай. Мәселен, көліктердің талапқа сай қозғалысын реттеу мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде камералар орнатылып жатыр. Дегенмен оның саны қажетті мөлшерде емес. Әйткенмен мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта да қауіпсіздік саласы басты назарда болады.
Мәселен, биылғы жылы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жалпы 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның 800-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған болса, 200 — і сергек – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Бүгінде қала аумағындағы бейнебақылау камера саны 2020 жылығымен салыстырғанда 3 есеге артып, қосымша автоматтындырылған 32 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде қылмыстық оқиғалардың орын алу көрсеткіші 15,3 %-ға азайған. Естеріңізге сала кетейік, қала әкімінің жіті бақылауындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте 2020 жылы 3 153, ал былтыр 3 177 бейнебақылау камерасы орнатылған. Айта кету керек, 2021 жылы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы «Smart City» эталондық стандарына сәйкес, қалалық полиция департаментімен бірлесе отырып, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 100 көше қиылысына және 200 желілік учаскеге, сондай-ақ, 1500 жалпы бейнебақылау камераларын штатты режимде іске қосып, қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен ықпалдастырған болатын. Қазіргі таңда үшінші мегаполисте жалпы 14 500 бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Қаланың қауіпсіздігін күзететін камералардың арқасында қылмыс саны азайған. Мұның өзі бастаманың жемісті нәтиже беріп жатқанын айғақтаса керек. Жергілікті әкімдіктің басты мақсаты — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.