ҮЙ ІШІНДЕ ТЕМЕКІ ШЕГУ ҮЙДЕЙ БӘЛЕ ӘКЕЛЕДІ

Түркістан қаласында халықты көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінде қалада 40 мыңнан аса жеке үй газдандырылған. Бірақ оның ішінде 7000-ға жуық абонент әлі газға қосылмаған. Олар мұны қаражаттың жетпеуімен байланыстырады. Бұл басы бөлек тақырып. Біздің айтпағымыз қатты отын пайдаланатын үйлерде өрттердің және адамның қаза болуын болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын ескерту.

Осы мақсатта Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері төмендегідей сақтық шараларын берік ұстануға шақырады.

– үй ішінде темекі шекпеу;

– жылыту маусымы кезінде пештің ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

– пештің маңайында оңай жанатын заттарды қалдырмау;

– пешті жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықты қолданбау;

– толық сөндірілмеген көмірді ағаштан жасалған заттың қасына тастамау;

– қолдан жасаған электр қорғаныштарын қолдануға тыйым салу;

– электрленген сымдарды жөндеуде және үйге электр жүйесін тартуда электр мамандарының көмегіне жүгіну;

– Электрқондырғыларды уақытылы тексерістен өткізіп отыру;

– Балаларды қараусыз қалдырмау және оларды сырттан жауып кетпеу қажет.

Бұл ережелер аоқылы Сіз өзіңіз бен отбасыңызды түрлі өрт пен оның салдарынан сақтай аласыз.

Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефонына хабарласып, орын алған жағдай, мекен-жайыңыз туралы мәліметті айтыңыз.