100-ДЕН АСА ОТБАСЫНЫҢ ҮЙІНЕ УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН ДАБЫЛҚАҚҚЫШТАР ОРНАТУҒА ҰСЫНЫС БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында газдан болатын қайғылы оқиғаларды алдын алу және болдырмау мақсатында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын дабылқаққыштар орнатылуда,-деп хабарлайды uakit.kz.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асқар Сейсенов uakit.kz жолдаған сұрақтарға жауап беру кезінде «Түркістан қаласы мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қала аумағындағы әлеуметтік жағдайы төмен 482 отбасылар тізімін Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына ұсынған. Осы аталған отбасыларға «Сауран», «Отырар», «Яссы», «Шауғар», «Бекзат», «Бірлік» секторларының мамандары газосигнализатор құрылғысы орнатылғандығы бойынша аралау жұмыстарын жүргізді.  Нәтижесінде 129 отбасыда газосигнализатордың құрылғысы жоқ екенін анықталды. Осыған орай, қала аумағындағы 6 сектор бойынша анықталған әлеуметтік жағдайы төмен 129 отбасыға улы газды анықтайтын газосигнализатор құрылғысын орнатуға қала әкімдігіне ұсыныс хат жолдадық»,-деп мәлімдеген.