САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ШАҚЫРУҒА ШАҚЫРАДЫ

80
0

Жылыту маусымының басталғанына көп уақыт бола қоймады. Соған қарамастан пешті жағу кезінде тиісті талаптардың сақталмауынан  адамдар улы газдан уланып, аурухана төсегіне таңылуда.

Бұл туралы uakit.kz еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кешегі аптаның өзінде пештерді дұрыс пайдаланбаудан 8 адам уланып, ауруханаға түскен.

Өткен аптада республика аумағында пешті дұрыс пайдаланбау себебінен 6 адам улы газдан уланған. Оның ішінде 2-і бала, сондай-ақ 2 адам термиялық күйік себебінен ауруханаға жатқызылған.

Атап айтқанда, Астана қаласында Сарыарқа ауданындағы жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештің ақауына байланысты улы газдан уланып, 1997 ж.т., 2018 ж.т. және 2020 ж.т. 3 адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде 2-і бала.

Қызылорда облысында Қармақшы ауданындағы Ақтөбе ауылында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешінің тартуының болмауына байланысты улы газдан уланып, 1988 жылы туған үй иесі ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы орташа дәрежеде.

Улы газдан уланудың үшінші жағдайы Атырау қаласында орын алды. Жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылытылатын пешті пайдалану ережелерін бұзудың салдарынан газ ағып, нәтижесінде 1954 жылы туған үйдің иесі ауруханаға жатқызылды.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қарқаралы қаласында екі пәтерлі тұрғын үйде улы газдан улану жағдайы тіркелді. Қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелері бұзылғандықтан, №2 пәтерде тартудың болмауына байланысты 1998 ж.т. пәтер иесінің ұлы ауруханаға жатқызылды .

Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігін сақтамау және қатты отын жағуға арналған пешті пайдалануды өрескел бұзу фактісі тіркелді. Мәселен, Жетісу облысы Алакөл ауданы Ж. Балапанов ауылындағы ауылдық мешітте жылыту пешін бензинмен жағу кезінде 18% және 4% термиялық күйік алып, сәйкесінше 1988 ж.т. және 1973 ж.т. тұрғындар ауруханаға жатқызылды.

Улы газ ауадағы әртүрлі отындардың толық жанбауынан пайда болады. Улану көбінесе пештің мұржасы мерзімінен бұрын жабылған кезде пайда болады. Жанбаған көмір көмірқышқыл газымен әрекеттесіп, көміртегі тотығы (улы газ) түзіледі.

Улы газбен уланудың себептері пешті жылыту ережелерін бұзу (пештің қақпағын уақтылы жаппау, отынға таза ауаның жеткіліксіз түсуі, нашар тарту), сондай-ақ пеш пен мұржаның дұрыс жұмыс істемеуі (пештің құрылымындағы жарықтар, бітелген мұржа) болуы мүмкін.

Улы газдың түсі мен иісінің болмауы газды ерекше қауіпті етеді. Сіз аурудың себебі улы газ екенін білмеуіңіз мүмкін. Бір бөлмедегі барлық адамдарда бірдей белгілердің көрініс табуы улы газдан улану уақытын тануға мүмкіндік береді.

Көміртегі тотығымен уланудың белгілері әртүрлі — бас ауруы, шекенің зырқылы, жүрек айну, құсу, ұйқышылдық, қысқа мерзімге талып қалу, паралич, естен тану, тыныс алу және мидағы қан айналымының бұзылуларымен болатын коматозды жағдай. Уланудың ауыр жағдайлары жүрек қызметінің тоқтап қалуына әкеп соғуы мүмкін. Зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жатқызу қажет.

Дәрігерді күту кезінде науқасты таза ауаға шығару керек – оған ауруханадан тыс жерде осылай ғана көмектесуге болады. Әрі қарай, стационар жағдайында оттегінің ұзақ ингаляциясы, жасанды аппараттық тыныс алу жүргізіледі; зардап шеккен организм жүйелерінің тіршілігін қалпына келтіретін құралдар қолданылады.

Тұрғындарды адам өмірін сақтап қалу үшін пештер мен жабдықтарды пайдалану кезінде қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.

Осыған байланысты Түркістан қаласының төтеншеліктері пеш жағу кезінде қарапайым ережелерді сақталуын ескертеді.

Пештің мұржасы төбе жабындысынан өтерде жанып кететін материалдарға тимеуі тиіс. Өзге де саңылауы болса бітеп, сылап қою керек. Төтеншеліктер жылыту пештерінің алдына міндетті түрде көлемі 50х70 см құрайтын металл табығын қағып қоюды ескертеді. Және пеште жеңіл тұтанатын сұйықтықтармен от жақпауды, жағылған пешті қараусыз қалдырмау керек екенін айтады.

Ауа-райы суыған кезде кейбір үйлер пешті шамадан тыс қыздырып жіберетінін, егер үйді монтаждау  кезінде қандай да бір кемшілікке жол берілсе  шамадан тыс қызған пеш әсерінен өрт шығу қаупі жоғарылайтынын ұмытпау керектігін алға тартады.

Сонымен қатар пеш маңайына киім, ал түбіне аяқ киім кептіруге болмайтынын біле жүріңіз. Және пештерді бақылауды, оларға отын немес көмір салуды кішкентай балаларға тапсыру да өрескел қателікке апаруы мүмкін.