АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

121
0

Шымкент қаласы, Абай ауданында орналасқан 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып отыр, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ақпараттық-коммуникациялар орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізген Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов мәлімдеді.
Жалпы Абай ауданының аумағы 49 704 гектар құрайды. Аудан аумағында 34 шағын аудандар мен елді мекендер бар. Онда бүгінде жалпы саны 322 911 адам орналасқан. Аудан бойынша 453 көп қабатты үй, 258 аула мен 2 саябақ  орын тепкен. Абай ауданына тартылған бюджет көлемі 2017 жылы 22,6 млрд.теңге бөлінсе, 2022 жылы 110,8 млрд теңге барлық сала бойынша бөлінген. Яғни 5 жыл ішінде 24 есеге көбейген. Шағын аудандар мен елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бойынша бөлінген бюджет көлемі 2017 жылы – 280 млн.теңге болса, 2022 жылы 5,2 млрд.теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 97% құрап отыр.
Айта кету керек, 2020 жылы Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2 елді мекендерін таза ауыз сумен қамту мақсатында 1,9 млрд.теңге бөлінген. Ал, 2021 жылы Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2 елді мекендеріне 6,9 млрд.теңге қаралып, тұрғындарға ауыз су берілген болатын. Биыл 2022 жылы 5,2 млрд.теңге бөлінсе, Құрсай,Арғымақ елді мекендеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2022 жылдың соңында аяқталып, елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Сонымен қатар, Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталып, 9 елді мекендерге сапалы ауыз сумен толық қамтылуда. Аталмыш жоба құны 7,1 млрд. теңге құрайды.