ЖАРЫҚТАНДЫРУ ІСІ ЖАНДАНА ТҮСУДЕ

Шымкентте инженерлік-инфрақұрылым саласында ауқымды істер атқарылып жатыр. Жұмысы аяқталған нысандар да көп. Күні бүгінге дейін қалаға қарасты көптеген шағынаудандар мен елді мекендер сапалы электр жарығы, ауыз және көгілдір отынмен қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасын таба бермек. 
Жалпы Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 1 758 шақырымды құрайтын 747 әлеуметтік маңызға ие көше бар. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 102 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Естеріңізде болса, былтырғы жылы 106 көше жарықтанып, жалпы жарық көшелер көрстекіші 43,4 %-ға жеткен-ді. Биылмен қоса алғанда жарықтанған көшелер саны 324-ке артып, көрсеткішті 57%-ға ұлғайту көзделуде. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға 75%-ға жеткізу межеленген. Шымкент көшелерін түнгі жарықшамдармен қамту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2022-2023 жылдары 208 көшеге жарықшам орнату жоспарлануда. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 70 пайызға жетпек. 2021 жылдың қорытындысымен орталық маңызы бар 747 көшенің 356 көшесі жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 %-ды құрады. Жоспар бойынша өткен жылы 104 көшені жарықтандыру қажет болса, жоспар артығымен орындалып, 136 көшеде жұмыстар толығымен аяқталды. Аталған бағыттағы жүйелі жұмыстар жайы алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұдан бөлек, қалаға қарасты елді мекендер мен шағынаудандардағы көшелерді жарықтандыру ісі де айрықша назарға алынып отыр. Бұдан бөлек, «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру жүйелерін толықтай автоматтандыру жолға қойыла бастады. Ол диспетчерлік орталық арқылы басқарыла бастады. Орталыққа қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығы, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығы, пайдаланылған электр қуаты туралы ақпараттар «сигнал» арқылы беріліп отырады. Алдағы уақытта әр жарықшамның килловаты, түнде, көлік қозғалысы баяулағанда жарықтық дәрежесін автоматты төмендету арқылы энергия үнемдеу сынды функцияларды қосу жоспарланған.