ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН 250-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАНДЫ КҮТІП ҰСТАУҒА ЖАУАПТЫ
Биыл Түркістан қаласының атмосферасы 65 пайызға жақсарған. Мұндай көрсеткішке қол жеткізуде қаланы газдандыру жұмысының қарқынды жүргізілуі мен көгал аумағын арттыру зор серпін беріп отыр. Бұл бағытта қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне қарасты «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тапсырылған міндет көп.
Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өз кезегінде «Жасыл Түркістан» КММ қала аумағындағы саябақтар, гүлбақтар, көшелер, жасыл баулар мен аумақтарда көгалдандыруды күтіп-ұстау жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысады. Мекеменің негізгі бағыты Түркістан қаласы аумағындағы жалпы қолданыстағы саябақтарды, скверлерді, бульварларды, көшелерді, жасыл аймақтарды тазалау, жинау. Жасыл желектерді (ағаш, бұталар, көгал, гүлдер) күту және егу, шағын сәулеттік формалар мен ескерткіштерді, субұрқақтарды, суғару жүйелерін күтіп-ұстау және салу.
Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл он екі ай жүргізіледі. Мекеменің қызмет көрсету аумағы 248 нысан немесе 524га. Ағаш көлемі: 695 247 дана. Көгал аумағы: 2 560 000 шаршы метр. Бұталар көлемі- 350 856 дана. Гүлдер аумағы 7 гектар. Саябақтар 30 нысан немесе 237 га. Сквер аллеялар 30 нысан немесе 34 га. Көшелер 29 нысан (60 га), жасыл алаңдар мен аймақтар 15 нысан (121 га), секторларға бекітілген көшелер мен аумақтар 147 нысан (47,5 га).
Мекеме теңгерімінде 211 бірлік (56 ірі, 155 ұсақ) техника мен құрылғылар бар.