«ШЫМКЕНТ ПАЛАУЫ -2022» ФЕСТИВАЛІНЕ 41 АСПАЗ ҚАТЫСТЫ
Шымкент қаласында дәстүрлі «Шымкент палауы -2022» халықаралық палау фестивалі өтті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қазақстан халықы ассамблеясы және Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестігінің “Дустлик” қауымдастығы және “Қоғамдық келісім” мекемесінің Республика күніне арналған “Достық дастарханы” дәстүрлі “Shymkent palau fest 2022” халықаралық фестивалі ұйымдастырылды.
Дәстүрлі фестивальге биыл Қырғызстан, Өзбекстан Республикасынан, Алматы, Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысынан аспаздар қатысты. Әр өңірден келген 41 аспаз, палаудың 41 түрін дайындады. “Shymkent palau fest 2022” халықаралық фестиваліне 50-ден астам этнос өкілдері басқосып, жалпы 800-ге жуық азамат келіп, бір дастарханнан дәм татып «Ұлтаралық татулықтың Қазақстандық моделін» және нағыз достықтың, бірліктің үлгісін көрсетті.
Фестивальде Өзбекстан елінен келген аспаз Жаббаров Муталибхон чоңғара күрішінен «Азия ынтымақтастығы» атты палауын ұсынса, Иран келген Сулаймани Мами аспаз «Шах» палауын пісірді. Ал Алматалық Владимир Краснобородкин “Самарқан” палауын басса, қырғызстандық Мизажанов Абдуғани «Бірлік» палауын ұсынды, сондай-ақ, Шымкенттіктер 30 келі үлкен қазанға «Достық» палауын дайындаса, тараздық аспаз Исмаилов Халмат «Байтерек» палауын даярлады. Аталған аспаздардың палауы әділқазылар алақсының көңлінен шықты.
Шара аясында «Дустлик» қауымдастығы және “Лилия” туристік компаниясы атынан бір қырғызстандық және екі қазақстандық аспаздарына көрсеткен шеберлігі үшін Түкия, Таиланд, Грузия, БАА және Дубай қалаларына туристік сертификаттар табысталды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов халықтар арасында достықты дәріптеу мақсатындағы іс-шараны ұйымдастырушыларға, демеушілерге алғысын жеткізді.
ҚР өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов фестивальдің жылдан жылға аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Фестивальде үздіктердің үздігін әділ қазылар алқасы анықтап, барлық қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар жасалып, Алғыс хаттармен марапатталады.