ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ 5-ШІ СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

86
0

Соңғы уақытта облыс пен аудан әкімдері тұрғындармен жиі кездесіп, мәселелерін тыңдап келеді. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған бастаманың нәтижесінде тұрғындарды мазалаған талай толғақты мәселе шешімін тапты. Хаттамаға еніп, жуық арада шешілетін түйткілдер де баршылық. Осы орайда, жуырда Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындармен тілдесіп, мазалаған мәселелерін тыңдаған болатын.

Нақтырағы, жуырда Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев 5-ші сектор тұрғындарымен (Темір жол вокзалы аумағы, МЖК, ескі автовокзал аумағы) кездесті. Аудан әкімі ең алдымен аталған аумақта атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндап, бүгінде электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100% жеткендігін атап өтті.  Биыл 5-ші секторда біршама тындырымды істер атқарылды. Атап айтқанда, аумаққа 6 балалар ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында орнатылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 3 көшеге асфальт салу жұмыстары сәтті аяқталды. Кәріз жүйесіне келсек, бүгінде Хлопзавод көшесін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. Кездесуде аудан тұрғындары балалар алаңшасын салу, көшені жарықтандыру, қоқыстың уақытылы шығарылуы, жылыту маусымына қатысты мәселелерін көтерді. Өз кезегінде, аудан әкімі барлық мәселелер хаттамаға түсіріліп, жіті бақылауға алатынын жеткізді. Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың әр тоқсан сайынғы халықпен есепті кездесуі ұйымдастырылған еді. Абай ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде шаһар басшысы 9 айдың қортынды есебін баяндады. Өткен жиында әкімге аудан тұрғындарынан 50-астам сауал жолдады. Әкім өз тарапынан аталған сауалдарға тиісінше заң аясында жауап берді. Ауданның барлық тұрғындарын қамту мақсатында арнайы Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында жұмыс істеп, тікелей эфирін іске қосты. Аталған еспеті кездесуге  Кездесуге 400-ге жуық тұрғынмен қатар, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Шаhар басшысының жыл басынан бастап мегаполистегі елді мекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіліп, 1020 мәселе көтерілген. Әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған. Нәтижесінде бүгінге дейін 488 мәселе шешілген, 377-сі жыл соңына дейін шешімін табатын болса, ал 195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізілген. Одан бөлек, ай сайын аудан белсенділерімен әкімдік ғимаратында қабылдаулар өтуде. Онда атқарылған жұмыстар нәтижесі баяндалып, белсенді тұрғындармен мақұлданып отырды. Соңғы 9 айда 11 рет жеке қабылдау өткізіп, 1 217 азаматтың мәселесі тыңдалды. 2 341 мәселенің 760-сы нақты шешімін тапса, 1 476-сы орындалуда, қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілмек.