ҚАЛА АУМАҒЫНДА СУ БАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА

88
0

Жуырда Шымкент қаласында жауған тоқтаусыз жауған жаңбыр бірқатар мәселелерді туындатқан болатын. Десе де мәселені шешу бойынша жұмыстар дер кезінде қолға алынып, олқылықтардың орны толтырылды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Ашып айтайық…

29-30 қазандағы жауын салдарынан Қаратау ауданына қарасты бірқатар елді мекендерде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Ақжайық, Тассай елді мекендері, Еділбаев , Атбасар көшелері аумағында су жиналып тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Нұртас елді мекені – “Шұғыла” , Бозарық 2 елді мекені – “Адыраспан”, Қайнарбұлақ елді мекені – “Жаңақұрылыс”, Бозарық-3 елді мекені– “Ақбілек” , Бозарық елді мекені – “Жосалы”, Тассай елді мекені – “Әуезов” , Тұран елді мекені – “Жаңақұрылыс”, Қайнарбұлақ елді мекені – “Жаңақұрылыс” көшелері тұрақты бақылауда. Алдын алу жұмыстарына аудан әкімі аппараты мен төтенше жағдайлар басқармасы, «Жаңа арна 2022» ЖШС тарапынан 15 техника, су сорғыш құралдар, 4 мотопомпа және 50-ге жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды. Аудан аумағында тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда. Айта кету керек, Абай ауданнның бірқатар аумақтарында су басу оқиғалары тіркелген болатын. Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС арнайы 15 техника су тартатын және 30-ға жуық жұмысшы қызметкерлер және Төтенше жағдайлар департаментінің 2 су тартатын мотопомпа жұмылдырылды. Нақтырақ айтар болсақ, 7 елді мекенде, сондай-ақ 11 көшеде және «Қарасу» өзені арнасының суға толу жағдайлары орын алды. Су сорғыштардың күйіп кетуіне байланысты Бекжандағы жолайрық, Колостағы көпірлердің асты жауын-шашының суына толды. Орын алған келеңсіз жағдайлар дер кезінде жойылды. Дәл осындай жұмыстар Әл Фараби ауданында да жүргізілді. Онда жаңбыр суын сору жұмыстарын 8 техника 30-дан астам адам үйлестірді. Сонымен қатар Еңбекші ауданында 40 техника мен 230-ға жуық жұмысшы атсалысса, Қаратау ауданында 15 техника, 4 мотопомпа және 50-ке жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.