ОТБАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ТҮЙТКІЛДЕР ТАҚЫРЫБЫ ҚОЗҒАЛДЫ

112
0

Бүгінде отбасылық құндылықтарды насихаттаудың маңызы мен міндеті айрықша. Бүгінгідей жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықардың ұпайын түгендеу ісі де назардан тыс қалмауы тиіс. Осы орайда, еліміздің түкпір-түкпірінде отбасындағы қарым-қатынас пен құрметті насихаттайтын түрлі шаралар мен мәселелерді талқылайтын кездесулер өтуде. Соның бірі жуырда Шымкент қаласында ұйымдастырылды. Осы тұста тарқата жазайық…

Үшінші мегаполисте «Отбасылық сот: Даму перспективалары мен проблемалары» атты дөңгелек үстел өтті.  Оған Шымкент қаласының әкімдігі, қалалық сот төрағасы, қалалық алқа төрағасы, қалалық сотының судьясы, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың төрағасы, аудандық соттарының судьялары, «Право» қоғамдық қорының мүшелері, Әділет департаменті, Білім басқармасы,  Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Бақытты жанұя»орталығы» КММ,  жаттықтырушы-медиаторлар, кәсіби медиатор-тәжірибеші, адвокаттар және бала құқықтары жөніндегі уәкілдері қатысты. Отбасы және екі азамат арасындағы түсініспеушіліктен туындаған дау-дамай бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі.  Осы тұста азаматтарды ортақ келісімге шақырып өзекті мәселелерін шешуіне көмек көрсететін медиаторлармен адвокат мамандарының рөлі орасан зор. Дөңгелек үстел барысында қоғам арасындағы, отбасы арасындағы дау-дамай, келіспеушіліктерді алдын алу, бітімгершілік келісімге келу, екі араны татуластырып ортақ шешімге келуіне көмек көрсету секілді түрлі проблемаларының шешілу жолдары жан-жақты талқылады.

Шымкентте мұндай шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. Отбасы – шағын мемлекет. Бұдан бөлек, мемлекеттің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында да ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтың маңызын айшықтайтын жиындар да ұйымдастырылып келе жатыр. Мұның өзі өңірдің ғана емес, жалпы елдің де дамуына айрықша әсер етері белгілі. Қала берді, бүгінгі жаһандық геосаяси ахуал мемлекеттік бірлігі қаншалықты маңызды екенін айқындай түскен тәрізді.