АРТЫҚ СӘУЛЕ АУРУ ТУДЫРАДЫ
Түркістан қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
рентген процедуралары кезінде артық сәулеленуден сақтануға шақырады,-деп хабарлайды uakit.kz.
Аталған департамент артық сәулеленуге жол бермес үшін төмендегідей түсіндіру жолдайды.
Рентген диагностикалық кабинеттері стационарлардың, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың ғимараттарында орналастырылады.
Рентген кабинеттердің тұрғын үй ғимараттарында, мектепке дейінгі балалар және оқу ұйымдарының жапсарлас салынған үй-жайларында орналасуына тыйым салынады. Сонымен қатар, рентген кабинеттерін төбе жабыны арқылы су ағуы мүмкін үй-жайлардың (бассейндер, себезгі бөлмесі, дәретхана және осыған ұқсас үй-жайлар) астына орналастыруға рұқсат етілмейді.
Кабинетте рентген аппараттарының схемасы, олардың сипаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулығы, дозиметриялық бақылау, рентген аппаратының пайдалану параметрлерін бақылау хаттамалары, кабинетті санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актілері, электр өлшеу аспаптарын тексеру хаттамалары, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болады. Сондай-ақ, көрінетін жерге пациенттерге арналған медициналық ем-шаралар кезіндегі дозалық жүктемелер туралы жадынамалар орналастырылады.
Сәулелендіргіштің төбеге ілінетін аспасы, экранды-сурет құрылғысы немесе рентген суретін күшейткіші бар рентген аппаратурасы орнатылған үйжайдың, ротациялық сәулелену жағдайында рентгендік терапияның ем-шара кабинетінің биіктігі кемінде 3 метр және одан да биік болуы тиіс. Ем-шара және басқару бөлмелерінің қабырғалары мен төбесінің беттері ылғалды тазалау жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін тегіс болуы тиіс. Рентгенологиялық операция үй-жайының қабырғалары жарықты шағылыстырмайтын материалдармен әрленеді.
Рентген жабдықтарының барлық типтерінің пайдалану параметрлерін бақылау екі жылда бір рет, ал пайдалану мерзімі он жылдан асқан рентген аппараттары үшін жылына бір рет жүргізіледі.
Рентген зертханашысының бір уақытта жұмыс істеп тұрған екі және одан да артық рентген аппаратында қызмет көрсетуіне, зерттеуге тікелей қатысы жоқ адамдардың ем-шара бөлмесінде болуларына рұқсат етілмейді. Рентгенологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде жұмыс істеуші персонал жеке қорғаныш құралдарын (көзілдірік, қолғап, халаттар, алжапқышта, т.б) пайдаланады. Радиациялық қорғаныш құралдарының қорғаныш тиімділігін бақылау кемінде екі жылда бір рет жүргізіледі.
Пациентті рентгенологиялық зерттеуге, кеңес алуға немесе стационарлық емделуге жібергенде, науқасты бір стационардан екіншісіне ауыстыру кезінде рентгенологиялық зерттеулердің нәтижелері (сипаттама, суреттер) амбулаториялық карточкасымен немесе шығару парағымен бірге беріледі.
Жүкті әйелдерді рентгенологиялық зерттеу тек жүктіліктің екінші жартысында клиникалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Жүктіліктің бірінші жартысында рентгенологиялық зерттеулер жедел немесе кезек күттірмейтін көмек көрсету қажет болған кезде және жүктілікті тоқтату туралы мәселе шешілгенде жүргізіледі.
12 жасқа дейінгі балаларды рентгенологиялық зерттеу олардың заңды өкілдерінің немесе медицина қызметкерінің қатысуымен орындалады. Сәбилерді рентгенологиялық зерттеу кезінде арнайы иммобилизациялау құралдары қолданылады.
Жұмыс күні аяқталғаннан кейін рентген аппараты, электр аспаптары, электр жарығы, желдеткіш ажыратылады, еденді жуу, қабырғаларды ылғалды тазалау арқылы пациентпен жанасатын элементтер мен жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялау жүргізіледі. Ай сайын сірке қышқылының 1-2% ерітіндісін қолдана отырып, ылғалды жинау жүргізіледі.
Медициналық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде бұрын жүргізілген рентгенологиялық зерттеулердің нәтижелері және жыл бойы қабылдаған дозалар ескеріледі. Артық сәуле көздері түрлі аурушаңдық тудыруы мүмкін. Рентген процедуралары кезінде медицина қызметкерлері және қаралушылар артық сәулеленуден сақтануы керек.