ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР

107
0

Шымкент қаласында жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,2 млрд теңге қаралса, жергілікті бюджеттен  3,5 млрд  теңге бөлініп отыр. Жалпы жыл басынан 11,1 млрд  теңгеге  3 028 жобаға қолдау көрсетілген.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 9,4 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда, 2 756  жобаға 5,8 млрд  теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 840 жобаға 4,5 млрд теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 886 жобаға  1,2 млрд теңге,  мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 30 жобаға 150,0 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 3,9 млрд теңге бөлінген (РБ – 3,7 млрд. тг. ЖБ–0,2 млрд. теңге). Бүгінгі таңда 81  жобаға 3,5 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 77 жобаға 3,2 млрд. Теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 4 жобаға  300 млн. теңге.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шеңберінде 2022 жылға 1,5 млрд. теңге бөлінген. «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 1,3 млрд. теңгеге 129 жобаға шағын несиелер берілді. Несиелердің басым бөлігі сауда және қызмет көрсету салаларында. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әкімдік тарапынан «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктеріне тоқталсақ, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелендіру арқылы қолдауға басымдық берілген. Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1%-бен 10 млн. теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсыну қарастырылған. Бүгінгі таңда, жыл басынан 543,1 млн. теңгеге 55 жобаға жеңілдетілген несиелер берілді.