ШЫМКЕНТ: ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ӨЗ ШЕШІМІН ТАБУДА

145
0

Шымкент қаласы, Қызылжар тұрғын алабындағы 19 көшенің 7-не астфальт төселсе, 12-не тас жол төселген, деп хабарлайды Uakit.kz.

Жалпы Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қызылжар тұрғын алабында 684 отбасы қоныстанған болса, бүгінде халық саны 4419 адамды құрап отыр. Былтырғы жылы атқарылған нәтижелі жұмыстардың арқасында Қызылжар тұрғын алабы сапалы ауызсуға толығымен қол жеткізіп, елді мекен тұрғындары таза ауызсуын тұтынуда.

Сонымен қатар, тұрғын алап биылғы жылмен қоса есептегенде 100 пайызды табиғи көгілді отынымен қамтылып, жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, қала басшысының тапсырмасына сәйкес, инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын сапалы әрі уақытылы басты міндет екенін баса айтқан.

Осыған байланысты, тұрғын алабты электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аталмыш жұмыстар биылғы жылдың, яғни  2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталып, тұрғындар игілігне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда қала аумағында жол мәселесі де басты назарда, оның құрылысынан бөлек сапасына да мән берілуде. Осы кезекте, Қызылжар тұрғын алабының жол құрылыс жұмыстарына да мән берілген. Тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт төселсе, 12-сі тас жол төселіп тұрғындар игілігіне берілген. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселді. Олар, Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гаражный, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3 көшелері.

Тұрғын алабтың көше жарықтарының да мәселесі кезең-кезеңімен өз шешімін табуда. Қазіргі уақытта жарықтанырылған көшелер саны – 3-ті құрап отыр. Одан бөлек тұрғын алапта бірқатар көшелерінде, яғни Ленин және Жастар көшесінде жарықтандыру құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.

Сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына іске қосу жоспарланған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласының 92%-ы сапалы интернетпен қамтылған. Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының дерегінше, 2020 жылы интернет сапасы төмен және шалғай орналасқан аудандарда базалық станциялар орнатылған. Нәтижесінде 11 елді мекен 51700-ге жуық қала тұрғындары сапалы интернетпен қамтылды. Ал, 2021 жылы қала аумағына және қаладан шалғай орналасқан шағынауданына базалық станциялар орнатылып, жалпы он төрт тұрғын алабының 136 071 тұрғын сапалы интернетке қол жеткізді. Сонымен қоса, қаладан шалғай орналасқан 10 елді мекенге талшықты оптика желісі жүргізіліп, жүз мыңға жуық қала тұрғыны жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтылып отыр.