ШЫМКЕНТТЕ 101 МЫҢНАН АСА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкентте жалпы аумағы 749 га құрайтын 4 өндірістік алаңды құру жұмыстары жүргізілуде. Бірінші – «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Жалпы алаңы 306 га құрайды. Бүгінгі таңда инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Іске қосу мерзімі – 2023 жыл. Аталған аймақта құны 200 млрд. теңгеге 50 ірі жобаны іске қосып онда 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның ішінде 130 млрд. теңгеге 25 жобаға жер учаскесі ұсынылды.

Екінші – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын қосымша 175 га кеңейту. Іске асыру мерзімі – 2022-2024 жылдар аралығы. Аталған аймақта құны 150 млрд. теңгеге 30 ірі жобаны іске қосып онда 3 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Үшінші – «Бозарық» агро-индустриялық аймағын құру. Жалпы алаңы 132 га құрайды. Бүгінде инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Жоба 2 кезеңде іске асатын болады. 1 кезең 2023-2024 жылдар аралығын қамтыса, 2 кезең 2024-2025 жылдар аралығын қамтиды. Жалпы бұл аймақта 23 млрд. теңгеге 21 жобаның пулы жасақталған. Төртінші – көлік-логистикалық аймағын қосымша 136 га кеңейту. Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2027 жылдар аралығын қамтиды. Аталған аймақта 86 млрд. теңгеге 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Оның ішінде заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетіп отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға артқан. Өндірілген өнім көлемі 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан. 2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады. Қорыта айтсақ, халықты жұмыспен қамтуда айрықша мәнге ие шағын және орта бизнестің әлеуеті артып келеді. Өз кезегінде, мұндай оң өзгерістердің жүзеге асуының артында жергілікті атқарушы биліктің тарапынан қолға алынып жатқан шаруаларының үлесі орасан. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыстар жалғаса беретінін тілге тиек ете кету керек.