ЖҮЙЕЛІ ЖОСПАР ЖЕМІСІН БЕРЕ БАСТАҒАН

198
0

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2022 жылға жалпы 6 нысаналы индикатор белгіленген болатын. Өңірлік 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында 6 нысаналы индикатордың 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша нәтижелер белгілі болып отыр. Тарқатайық…

Үшінші мегаполисте мұнай-газ-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар есепті кезеңде 43,5 мың тонна өнім шығарды. Оның ішінде «Шымкент химиялық  компаниясы» ЖШС – 22,6 мың тонна, «HILL Corporation» ЖШС – 20,9 мың тоннаны құрап отыр. Бұл жылдық жоспардың 87 пайызын құрайды.  Жылдық жоспар — 50 мың тонна болса, жыл аяғына дейін жоспар орындалмақ.  Негізгі капиталға инвестицияларының 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда өсім 226,8 пайызды құрайды. Жылдық жоспар — 127%. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» көрсеткішін орындау мақсатында жыл соңына дейін 2 жоба іске қосуды жоспарланып отыр. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 7,2 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 6 айында 8 пайызды құрайды (Жылдық жоспар – 8,7%). Бұл индикатор бойынша статистикалық деректер тоқсан сайын жарияланады, бір тоқсан кешігіп жүреді.  2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары көрсеткіш – 7,2% құрады. Ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындымен бұл көрсеткіш 8,0% құрайды деп күтілуде. Өңірде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 590,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 8,1 пайызға артты. Өз кезегінде, жылдық жоспар — 703 млрд теңге болса, есепті кезеңде орындалуы 84,0 пайызды құрап, жыл соңына дейін артығымен орындалады деп күтілуде.

Қаржы қаражатымен өзара байланысты 1 нысаналы индикатор бекітілген. Яғни «Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 2022 жылы жоспар – 232 бірлік. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 810 бірлікті құрады. Қалған Цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеуші өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесіне қатысты 1 индикатордың статистикалық деректері кешігіп жария етіледі. Жасалған талдауы бойынша бұл жылдық көрсеткіш те орындалмақ. Міне, осылайша Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы жоспарлаған межеге дер кезінде жетіп, жоғары нәтиже көрсетіп жатыр.