СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

111
0

Түркістан қалалық балалар ауруханасында «Сейсмикалық жаттығуларды дайындау және өткізу» тақырыбында жиналыс өткізілді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл шара  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде болды. «Сейсмикалық жаттығуларды дайындау және өткізу» тақырыбында өткен шара барысында мекеме қызметкерлеріне оқу-жаттығуды өткізу тәртібі түсіндіріліп, арнайы әзірленген жадынама парақшалары таратылды.