ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ ТӘУЛІГІНЕ 870-ТЕН АСТАМ АВТОБУС МАРШРУТЫН БАҚЫЛАЙДЫ

91
0
Шымкенттегі диспетчерлік қызмет көрсету орталығы көлік инфрақұрылымы құрылыс жұмыстарына байланысты 1000-ға жуық сызба әзірленген, деп хабаралайды Uakit.kz.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 6 наурызында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.
Мекеме қала аумағындағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар жолаушылар тасымалы инфрақұрылымдарын жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қоғамдық көлік қозғалысы жобалары мен жүру сызбасын дайындаумен айналысады.
Қала аумағындағы көлік инфрақұрылымы құрылыс жұмыстарына байланысты , осы күнге дейін 1000-ға жуық сызба әзірленген.
Аталған мекемеге қатысыты тағы бір қызмет түрі — диспетчеризация. Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, орталық тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады.
Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 1000 қоғамдық көлік бар. Оның ішінде 876 автобус жолаушыларды тасымалдап жүрсе, қалғаны резервте тұрады. Жалпы, шаһарда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 10 көлік компаниясы бар. Олар: «Shymkent-Bus», «T-Bus», «Автоимпульс», «MAN-Оңтүстік», «М и Р и Со», «ТТК», «Радуга транспорт», «Санжар-Моторс», «Абдуганиев» және «Автокомбинат №4».