КӨГІЛДІР ОТЫННАН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП

Шымкентте қала тұрғындарының өмірі және денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілін арттыру мақсатында үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.

Бүгінгі таңда, қала аумағында орталық газ жүйесіне қосылған абоненттердің жалпы саны : 213 527 Оның ішінде: Көпқабатты тұрғын үйлер бойынша: 95 285. Жеке сектор бойынша: 118 242 абонент. Өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандар бойынша: 366 және тұрмыстық шаруашылық мекемелер бойынша: 6 700 абонент.
Қала аумағында 161 ГРП, ГРУ (газораспределительный пункт, установка) бар, ШРП (газораспределительный пункт шкафной) саны – 1398, ШП (шкафной пункт) саны- 53520 құрайды.
Газ техникалық инспекция бөлімі тарапынан қала әкімінің және қала әкімі орынбасарының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, тұрғындарымен газды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп,  2021 жылы жалпы саны 25 860  дана жадынамалар таратылған болса, 2022 жылдың бүгінгі күнге дейін 42 670 жадынама таратылған.
Сонымен қатар, тұрғындардың газ пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша 2 видеоролик БАҚ өкілдерінде және интернет ресурстарында әлеуметтік желілерде (инстаграмм, фейзбук және т.б.) 36 мақала жарияланды және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 1 брифинг, арнайы мамандандырылған мекемелердің (ВДГО) басшыларымен 2022 жылы   9 (тоғыз) жиналыс және 2 (екі) тікелей эфир өткізілді. Шымкент қаласы аумағында тарайтын БАҚ-да 14 мақала жарияланған.
2022-2023 жылғы жылыту маусымына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу үшін, жыл басында аудан әкімдіктері мен аудан төтенше жағдайлар басқармасы және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ басшыларына хат жолданып, жыл соңына дейін кесте бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес, қала тұрғандарына газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Бұл профилактикалық жұмыстың мақсаты қала тұрғындарының өмірі және денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілін арттыру.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында Шымкент қаласында тіркелген 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінгі күнге 13 компания қызмет атқарады. Ал, түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар.
ҚР «Газ  және  газбен  жабдықтау  туралы» Заңының 19 бабының  3 тармақшасына сәйкес, тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен (ВДГО)  өздеріне тиесілі газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті-делінген.
Үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтер еңгізіліп, іске қосылды. Аталған бағдарлама арқылы үй-ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келісім шартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар, қала тұрғындар үйінде отырып, 13 мекемнің қызметтерін өз таңдауы бойынша онлайн келісім-шартқа тұруға мүмкіншіліктері бар.
Шымкент қаласы аумағында әлеуметтік инфрақұрылымға жататын газ тарату жүйелерінің объектілері бар ұйымның келiсiмiнсiз газ құбырларының күзет аймақтарын бүлдірген 12 жеке және заңды тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 305-бабына сәйкес, айыппұл салынған (жалпы 95 АЕК- 290 985 теңге).
Осы атқарылып жатқан жұмыстардың басты мақсаты, тұтынушылар арасында газбен байланысты оқыс-оқиғаларды болдырмау және алдын алу.